«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!» атты тарихи сағат өтті.
6 мамыр күні балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері ұйымдастырған «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!» атты тарихи сағат өтті. Іс-шара барысында оқырмандарға Жеңіс кітабы таныстырылып, оның мазмұны мен маңызы кеңінен насихатталды.
Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты елін, жерін сүюге баулу, отансүйгіштік рухты қалыптастыру және тарихи жадыны құрметтеуге шақыру.
Шара барысында қатысушылар өткен тарихқа тағзым етіп, ерлік пен батырлықтың мәнін терең түсінді. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас буынның санасында елге деген сүйіспеншілікті арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.




