«Ертеңіңді ойласаң-есірткіге жолама» әңгіме сұхбат өтті.
26 маусым күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 26 маусым нашақорлық пен есірткіге қарсы күніне орай «Ертеңіңді ойласаң-есірткіге жолама» әңгіме сұхбат өтті.
Іс-шара барысында оқушылармен есірткінің адам ағзасына, денсаулығына және болашағына тигізетін кері әсері туралы әңгіме жүргізілді. Қатысушылар нашақорлықтың қоғам үшін қауіпті індет екендігі, оның адамның өмірін ғана емес, отбасы мен қоршаған ортаға да зиян келтіретіні туралы мәліметтермен танысты.
Сұхбат кезінде оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, спортпен шұғылдану, бос уақытты тиімді пайдалану туралы ой бөлісті.




