«Ермек Серкебаев – қазақ музыка өнерінің дара әншісі» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.

26 маусым күні Әнші, КСРО халық әртісі Ермек Серкебаев – 100 жыл

⚜️Қонаев ауылдық кітапханасында қазақтың көрнекті опера әншісі, КСРО халық әртісі Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ермек Серкебаев – қазақ музыка өнерінің дара әншісі» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.

Іс-шара барысында оқырмандарға Ермек Серкебаевтың өмір жолы, шығармашылық қызметі және қазақ опера өнерінің дамуына қосқан зор үлесі туралы кеңінен мәлімет берілді. Сондай-ақ оның орындаушылық шеберлігі, ұлттық мәдениет пен өнерді дамытудағы еңбегі насихатталып, шығармашылығынан қызықты деректер таныстырылды