“Ерлік ұрпаққа ұран” атты кездесу кеші өткізілді.
13 ақпан күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 36 жыл толуына орай “Ерлік ұрпаққа ұран” атты кездесу кеші өткізілді. Ауған соғысының ардагері Жақсылық Дуйсенбаев қатысты. Қайтыс болған құрбандардың рухына бір минуттық үнсіздік жарияланды.Іс-шара барысында кітапханашы ауған соғысы жайлы мәліметтер баяндап, Д.Қонаев атындағы орта мектебінің оқушылары ардагермен сұхбаттасып,ардагерлерге арналған өлең шумақтарын оқып,ізгі тілектерін білдірді.Іс шара соңында «Намыстың отын жаққан ағалар» атты кітап көрмесімен танысып,естелік суретке түсті.Мақсаты: Өз отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге, жастарға патриоттық тәрбие беру.

