«Ерлік пен елдіктің өшпес ерлігі» ақпараттық сағатын ұйымдастырып өткізді.
19 наурыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне 190 жыл толуына орай «Ерлік пен елдіктің өшпес ерлігі» ақпараттық сағатын ұйымдастырып өткізді.
Шара барысында халық батырларының ерлігі, көтерілістің себептері, мақсаты мен тарихи маңызы жан-жақты талқыланып, Махамбет жырларынан үзінділер оқылды.



