“Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран” атты патриоттық сазды кеш өтті.
8 мамыр күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай “Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран” атты патриоттық сазды кеш өтті. Іс-шара барысында кітапханашы соғыс кезінде қаза тапқан батырларымыз жайлы баяндады.
Мақсаты: Білім алушылардың бойында Отан сүйгіштік қасиеттерін, өз еліміздің тәуелсіздігін қадірлей білуге, оны өз бетінше қорғай білуге тәрбиелеу.



