,,Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді» атты тарих сағаты болып өтті.
13 ақпан күні Көкқайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 15 ақпан Ауғаныстаннан Қазақ әскерлерінің шығарылған күніне орай ,,Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді» атты тарих сағаты болып өтті.
Іс-шараға Саттар Естемесов орта мектебінің қызметкерлері Қыдырәлі Мұрат, Оспанова Ақерке және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Шара барысында Ауған оқиғасының тарихи мағынасы туралы мәлімет беріліп, бейнеролик көрсетілді.




