«Ерлігі елге рух берген тұлға» атты әдеби-портреттік кеш өтті.

1сәуір күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қайрат Рысқұлбековтың 60 жылдығына орай «Ерлігі елге рух берген тұлға» атты әдеби-портреттік кеш өтті.

Кеш барысында 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы заң туралы айтылып, бұл күннің тарихи маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, кітап көрмесіне шолу жасалып, қатысушыларға рухани тағылым берілді.