«Ерке сылқым»» атты ойтолғау өткізілді.
16 қыркүйек күні №1 Шу қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Әлемге әйгілі «Ерке сылқым»» атты ойтолғау өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға қазақтың көрнекті күйші-композиторы Әбдімомын Желдібаевтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы мағлұмат беріліп, оның қазақтың күй өнеріне қосқан үлесі таныстырылды.
Күйшінің кеңінен танылған «Ерке сылқым» күйінің шығу тарихы мен көркемдік ерекшелігі жайында әңгіме өрбіді. Оқушылар аталған күйдің ұлттық өнердегі орны туралы ой бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды.
Сонымен қатар оқырмандар қазақ күй өнерінің құндылығы, домбыраның ұлттық мәдениетіміздегі орны жөнінде өз ойларын білдіріп, ұлттық өнерді дәріптеудің маңыздылығына тоқталды.

