«Ерғалиев Хамит – рухани мұра иесі» атты танымдық сағат өткізілді.

13 қазан күні Абай ауылдық кітапханасында Хамит Ерғалиевтің туғанына 110 жыл толуына орай «Ерғалиев Хамит – рухани мұра иесі» атты танымдық сағат өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын әрі аудармашы Хамит Ерғалиевтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, әдеби мұрасын насихаттау және оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру.

Танымдық сағат барысында ақынның өмір жолы, шығармашылық еңбектері мен қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы мәліметтер берілді. Ақынның өлеңдері мен шығармалары таныстырылып, оның рухани мұрасының маңызы айтылды.