«Ереуіл атқа ер салмай» тарихи кеш өтті.
18 наурыз күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісіне 190 жыл толуына орай «Ереуіл атқа ер салмай» тарихи кеш өтті.
Кеш барысында И.Тайманұлының батырлығы мен қолбасшылық қасиеті мен М.Өтемісұлының жалынды жырлары таныстырылды. Кіапхананың тұрақты оқырманы А.Дүйсеналы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңінен үзінді оқылды.




