“Ер мен жердің Жеңісі “ тақырыбында тарихи сағат өтті.

8 мамыр күні Төле би ауылдық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай “Ер мен жердің Жеңісі “ тақырыбында тарихи сағат өтті.Іс-шарада кітапханашы бұл күн – тарихымыздың ең ауыр да, ең қастерлі күндердің бірі.Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына тағзым ету – әрбіріміздің азаматтық парызымыз деп мағлұматтар берді.Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысып,жеңіс туралы өлеңдер оқыды.Сонымен қатар “Жеңіске құрмет- ұрпаққа ұлағат” атты кітап көрмесі таныстырылды.