«Ер мен жердің жеңісі » атты еске алу кешін өткізді.
8 мамыр күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлері Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесі қарсаңында «Ер мен жердің жеңісі » атты еске алу кешін өткізді. Еске алу кешіне М.Әуезов орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Қ.Бектияров және оқушылары қатысты.
Аталмыш шара Жеңіс күніне арналып ата-бабаларымыздың ерен ерліктерін мәңгі есте сақтап, рухани тағзым қылу мақсатында «Белгісіз жауынгер» ескерткішіне тағзым жасаумен бастау алды.
Аталмыш шарада сөз алған Қ.Бектияров өскелен ұрпақты Қазақстанның қаһармандық ерліктерге толы тарихына құрметпен қарауға шақырды.
Шара барысында қалам мен қаруды қатар ұстаған қазақтың майдангер ақын-жазушылары туралы деректі фильмнен үзінді көрсетілсе, кітапханашы А.Оспанова «Ұмытылмас ерлік, өшпес даңқ» атты кітап көрмесімен таныстырды. Көрмеге Ұлы Отан соғысы тарихынан бастап, қатысқан жауынгерлердің батырлықтарын айқындайтын әдеби шығармалар, Жеңіс туралы жазылған еңбектер және Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ғалымдардың естеліктері қойылды.





