«Ер есімі – ел есінде» атты ұрпақтар сабақтастығы кездесуі өткізілді.
20 мамыр күні Көкқайнар ауылы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен өлкетану бағытында батыр Саттар Естемесовты еске алуға арналған «Ер есімі – ел есінде» атты ұрпақтар сабақтастығы кездесуі өткізілді. Кездесуге батырдың ұрпағы Байшығашева Мияткүл Тоқтарқызы арнайы шақырылып, батырдың өмір жолы мен ерлігі жайында тағылымды әңгіме өрбітті.
Іс-шара барысында жас ұрпаққа елін, жерін қорғаған батырлардың ерлігі насихатталып, олардың өнегелі өмірі үлгі етілді. Батырдың ерлігі – жастарға әрқашан үлгі-өнеге болып қала бермек.



