“Еңселі Елорда асқақтаған Астана!” атты әдеби карта өтті.
4 шілде күні Бірлік ауылдық кітапханасында 6 шілде-Астана күніне орай “Еңселі Елорда асқақтаған Астана!” атты әдеби карта өтті.Іс-шара барасында кітапханашы Астанамыздың тарихи шежіресі мен даму жолында өркендей түскен қаламыздың көрікті жерлері жайында жалпы таныстырып, баяндап өтті. Қатысушылар да Астананың өсіп өркендеуі, Қазақстанның орталығында ірі мегаполистің қалыптасуының маңыздылығы туралы айтып, сондай-ақ қаланың бірегей сәулетінің керемет көріністерін айтып өз ойларымен бөлісті.Кеш соңында кітапханашы кітап қорындағы тақырыпқа сай жасақталған кітап көрмесіне шолу жасады.


