«Еңбек етсең ерінбей» өлкетану сағаты өткізілді.
27 наурыз күні № 2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Еңбек етсең ерінбей» өлкетану сағаты өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы қазақ халқының атақты шопаны, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаев туралы кеңінен әңгімеледі. Ол қарапайым еңбек адамы бола тұра, мал шаруашылығында зор табыстарға жетіп, еңбектің үлгісін көрсеткен тұлға екені айтылды.
Шараның мақсаты:Жазылбек Қуанышбаевтың өмірі мен еңбегін таныстыру, оқушыларды еңбекқорлыққа, төзімділікке тәрбиелеу, туған өлкені құрметтеуге баулу.




