«Еңбек ер атандырады» өмірбаяндық шолу өтті.

31 наурыз күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен аты аңызға айналған қазақтың әйгілі шопаны, халық құрметіне бөленген еңбек майталманы Жазылбек Қуанышбаевтың 130 жылдығына орай «Еңбек ер атандырады» өмірбаяндық шолу өтті.

Шара барысында Жазылбек атаның өмірі мен еңбек жолы – үздіксіз ізденіс пен қажырлы еңбектің жарқын үлгісі екені кеңінен айтылды. Сонымен қатар оның Қазақстандағы мал шаруашылығын дамытуға қосқан зор үлесі таныстырылып, тақырыпқа сай қысқаша бейнефильм көрсетілді.