«Еңбек елінің өнегелі өмірі» атты танымдық сағат өткізілді.
3 қараша күні Оразалы ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушыларының қатысуымен Ыбырай Жақаевтың туғанына 135 жыл толуына орай «Еңбек елінің өнегелі өмірі» атты танымдық сағат өткізілді. Шара барысында кітапханашы оқушыларға әйгілі күріш өсіруші, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың өмір жолы, еңбек жолындағы жетістіктері мен өнегелі істері туралы кеңінен мәлімет берді.


