«Еңбек адамы – ел тірегі» атты кездесу кеші өтті.

28 қыркүйек күні орталық кітапхананың «Білім» орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен еңбек адамын дәріптеуге арналған «Еңбек адамы – ел тірегі» атты кездесу кеші өтті.

Тағылымды шараға №10 Шу колледжінің кітапханашысы Ш. Танабаева және білім алушылары қатысты.

Кездесуге көп жылдар бойы ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп, абыройлы қызметімен көпшілік құрметіне бөленген, Шу аудандық Ақсақалдар алқасының мүшесі, инженер Қойшыбеков Жылқыбай Жазықбайұлы арнайы шақырылды. Қонақ жас ұрпаққа өзінің өмір жолы мен еңбек тәжірибесі жайлы айтып, еңбек пен табандылықтың адам өміріндегі маңызына тоқталды.

Кездесу барысында жастарға адал еңбек ету, жауапкершілік таныту, үлкенді сыйлау, елге қызмет ету сынды адамгершілік құндылықтар жөнінде тағылымды ойлар айтылды.