«Елтаңбам – елдігім, Көк туым – теңдігім, Әңұран -ерлігім» тақырыбында печа- куча өткізілді.
3 маусым күні Көктөбе ауылдық кітапханасында 4 маусым -Рәміздер күніне орай «Елтаңбам – елдігім, Көк туым – теңдігім, Әңұран -ерлігім» тақырыбында печа- куча өткізілді.Іс шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды.Кітапханашы оқырмандарға Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік нышандардың авторы мен шығу тарихы туралы толық мағлұмат берді.Жамбыл атындағы орта мектептің 8 сынып оқушылары Мемлекеттік рәміздер туралы викториналық сұрақтарға жауап берді.




