«Елтаңбам елдігім, Көк туым – теңдігім, Әнұран- ерлігім» атты әдеби сағат өткізілді.
4 маусым күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 4 маусым – ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне арнайы «Елтаңбам елдігім, Көк туым – теңдігім, Әнұран- ерлігім» атты әдеби сағат өткізілді.Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыту.Оқушыларды Отан сүйгіштікке,халқына адал қызмет етуге, еліміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұраны және мемлекеттік рәміздер туралы бейнероликпен басталды. Кітапханашы шара барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы қысқаша ақпарат ұсынды.Шара соңында “Рәміздер – тәуелсіз Қазақстанның кепілі” атты тақырыпта кітап көрмесімен таныстырып, насихаттады.




