«Елтаңбам – елдігім, Көк туым- теңдігі,Әнұраным -ерлігім» атты танымдық кеш өтті.
4 маусым күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлері мен Бірлік ауылдық мәдениет үйімен бірлесе ұйымдастыруымен 4 маусым – Рәміздер күніне арнайы «Елтаңбам – елдігім, Көк туым- теңдігі,Әнұраным -ерлігім» атты танымдық кеш өтті. Іс-шара ҚР Мемлекеттік гимнімен басталып, кітапханашы ҚР мемлекеттік рәміздері туралы толық мағұлмат беріп, оқырмандар тақырыпқа сай мәліметтермен бөлісті. Кеш соңында “Рәміздер – тәуелсіз Қазақстанның кепілі” атты кітап көрмесімен таныстырып, насихаттады.

