«Елің танытқан ер Қонаев» тақырыбында сыр кеші болып өтті.
9 қаңтар күні Алға ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен Амангелді орта мектебінің 5-сынып оқушыларымен «Елің танытқан ер Қонаев» тақырыбында сыр кеші болып өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ халқының көрнекті тұлғасы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолы, ел басқарудағы ерен еңбегі мен халқына сіңірген қызметі жөнінде мазмұнды мәліметтер ұсынылды. Сыр кеші барысында Қонаевтың адамгершілік қасиеті, парасаттылығы, елге адал қызметі мен өнегелі ғұмыры кеңінен әңгімеленді.
Іс-шара барысында оқушылар тарихи тұлғаның өмір жолынан тағылым алып, отансүйгіштікке, елін сүюге тәрбиеленіп, рухани әсерге бөленді.
Мақсаты: оқушыларға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі мен қызметін таныту, тарихи тұлғаның ел дамуына қосқан үлесін дәріптеу, жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды қастерлеуге баулу.

