“Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік” атты ти-чин өткізілді.
12 желтоқсан күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік” атты ти-чин өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше. Себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата- бабаларымыз ғасырлар бойы армандап келгені туралы баяндама оқып, Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушылары өлең оқып, би билеп, ән орындады. Шара соңында оқушыларға “Тәуелсіздік-елімнің еркін жолы” атты кітап сөресі таныстырылды.
Мақсаты: балаларға тәуелсіздік туралы түсінік беру, Қазақстан Республикасының жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, отаншылдық сезімін ояту,елін,жерін, құрметтеуге тәрбиелеу.





