«Елім деп соққан жүрегі» атты либрисимо-сеть ұйымдастырылып өткізілді.

10 сәуір күні Жаңа жол ауылдық кітапханасында казақ музыкалық мәдениетіне сазгер, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай «Елім деп соққан жүрегі» атты либрисимо-сеть ұйымдастырылып өткізілді.

500 – ден астам музыкалық төл туындылардың авторы Нұрғиса Тілендиевтың өмірі мен шығармашылығына кітапханашы видео ролик арқылы шолу жасады.Халықтық бояу – нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған «Аққу» күйін кітапхананың тұрақты оқырманы Бақыт Азат орындады.