“Елге қызмет еткен ер тұлға-Ахметжан Қосақов” атты әдеби -танымдық кеш өткізілді.
22 желтоқсан күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Елге еңбегі сіңген, өнегелі өмір жолымен көпке үлгі болған тұлға-Ахметжан Қосақовқа арналған “Елге қызмет еткен ер тұлға-Ахметжан Қосақов” атты әдеби -танымдық кеш өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты- оқырмандардың тарихи тұлғалар туралы танымын кеңейту, елжандылық пен отансүйгіштік рухты қалыптастыру, рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу.Кеш барысында Ахметжан Қосақовтың өмір жолы, еңбек және қоғамдық қызметі, ел игілігі жолындағы еңбектері туралы мазмұнды мәліметтер ұсынылды.Тұлғаға арналған әдебиеттерге шолу жасалып, тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.Сонымен қатар деректі материалдар, естеліктер мен әдеби оқулар арқылы оқырмандардың тарихи танымы тереңдетілді.



