«Ел рухын оятқан» саяси бейне портрет өткізілді

26 наурыз күні Сауытбек ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың 160 жыл толуына орай «Ел рухын оятқан» саяси бейне портрет өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы Әлихан Бөкейханның өмір жолын, ел тәуелсіздігі жолындағы күресін және ұлт болашағы үшін атқарған еңбегін таныстырып Әлихан Бөкейханның саяси қызметі, ағартушылық еңбектері, қазақ елінің дербестігі үшін жасаған батыл қадамдары туралы тың деректермен таныстырды.