«Экстремизм мен терроризм және оның зардаптары» атты дөңгелек үстел өткізілді.

15 қыркүйек күні Абай ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін зияны туралы түсінік қалыптастыру мақсатында «Экстремизм мен терроризм және оның зардаптары» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында экстремизм мен терроризм ұғымдары түсіндіріліп, олардың адам өмірі мен қоғам қауіпсіздігіне тигізетін зардаптары туралы айтылды. Қатысушылар бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар жастарды теріс діни ағымдар мен қауіпті идеологиялардың ықпалынан сақтану, ақпаратты дұрыс саралай білу мәселелері қозғалды.