«Экстремизм мен терроризм – қоғамға төнген қауіп» библиофреш өткізілді.
10 сәуір күні Еңбекші ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Экстремизм мен терроризм – қоғамға төнген қауіп» библиофреш өткізілді.
Шара барысында кітапханашы оқушыларға терроризмнің қауіптілігі, оның адам өмірі мен қоғам тыныштығына тигізетін зияны туралы айтып, нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, тақырып аясында пікір алмасты.


