«Егемендік-басты құндылығымыз» атты тарихи патриоттық кеш өткізілді.
21 қазан күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкері мен бірлесе мектеп кітапханасымен ұйымдастырылған Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушыларымен 25 қазан Республика күніне орай «Егемендік-басты құндылығымыз» атты тарихи патриоттық кеш өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы Республика күнімен құттықтап, Қазақстан тәуелсіздікке жету жолы қазақ халқының арманы-мұраты, ата-бабаларымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жасаған күресі тарихта мәңгі сақталып қалатынын атап өтті. Кеш соңында оқушылар «Көк тудың желбірегені» әнін орындады.



