“Домбыра-қазақтың ұлттық қазынасы” атты библиошар өтті.
1 шілде күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне орай “Домбыра-қазақтың ұлттық қазынасы” атты библиошар өтті.Шара барысында ұлттық құндылығымыздың бірі болған қасиетті қара домбыра көнеден қалған асыл мұрамыз, көзіміздің қарашығы әрі ұлттық кодымыздың айнымас бөлігі екені және де домбыра аспабының қаншалықты қадірлі екені оқырмандарға жан жақты түсіндірілді.Сонымен қатар Г.Дүйсенбиеваның орындауында жергілікті композитор,күйші Ә.Желдібаевтың “Ерке сылқым” күйін оқырмандарға тарту етті.Оқырмандар домбыра және қазақтың күй өнері жайлы сұрақтарға жауап беріп атсалысып отырды.



