«Домбыра – қазақтың асыл қазынасы» тақырыбында танымдық сағат өтті.
1 шілде күні «Домбыра – қазақтың асыл қазынасы»
Бүгін Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Домбыра – қазақтың асыл қазынасы» тақырыбында танымдық сағат өтті.
Іс-шара барысында оқырмандарға қазақтың қасиетті аспабы – домбыраның шығу тарихы, құрылымы және ұлттық мәдениетіміздегі орны туралы қызықты мәліметтер ұсынылды.
Мақсаты: ұлттық құндылықтарды насихаттау, жас ұрпақты өнерге баулу, халқымыздың мәдени мұрасын дәріптеу.
Домбыра – халқымыздың рухы, тарихы мен шежіресін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан асыл қазына.


