«Домбыра – халқымның мақтанышы» атты танымдық кеш өтті.

1 шілде күні Белбасар ауылдық кітапханасында «Домбыра – халқымның мақтанышы» атты танымдық кеш өтті.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық өнеріміздің асыл мұрасы саналатын домбыраның тарихы мен тәрбиелік мәнін насихаттау, жастардың ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттыру, күй өнерін дәріптеу және халық мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.Танымдық кеш барысында қатысушылар домбыраның шығу тарихы, қазақ халқының дәстүрлі музыка өнеріндегі орны туралы мәліметтермен танысты. Күй өнерінің көрнекті өкілдері жайлы танымдық ақпараттар ұсынылып, халқымыздың күйі орындалды. Сонымен қатар, домбыраға арналған өлеңдер оқылып, ұлттық өнерді дәріптеу.

Іс-шара өз мақсатына жетіп, қатысушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, домбыра өнеріне деген құрметін нығайтты.