“Домбыра дүлдүлі” атты өнер сағаты өтті.

8 қаңтар күні Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың 165 жылдық мерейтойына орай Қонаев ауылдық кітапханасында “Домбыра дүлдүлі” атты өнер сағаты өтті. Іс шара барысында кітапханашы оқырмандарға күйші,композитордың өмір жолы мен шығармашылығымен таныстырды.Ол шығарған күйлерге «Еңбек ері», «Сауыншы», «Сталин», «Делегат», «Көкөніс» деп ат қойып, алаулатып жалаулатып, ресми салтанаттардың ұран күйіне айналдырғанын айтып өтті.