«Домбыра – бабалар аманаты» атты домбыра-пати ұйымдастырылды.
1 шілде күні Оразалы ауылдық кітапханасында 1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – бабалар аманаты» атты домбыра-пати ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқырмандарға қазақ халқының қасиетті ұлттық аспабы – домбыраның шығу тарихы, оның халқымыздың мәдениеті мен рухани өміріндегі орны туралы кеңінен мағлұмат берілді. Сонымен қатар, қатысушылар ұлттық күйлерді тыңдап, домбыраның құдіреті мен құндылығын тереңірек таныды.
Шараның мақсаты – домбыраны халқымыздың рухын, тарихы мен шежіресін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан асыл мұра ретінде насихаттау, жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, мәдени құндылықтарымызды құрметтеуге тәрбиелеу.




