«Домбыра – асыл мұра» танымдық сағатын ұйымдастырып өткізді.

30 маусым күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – асыл мұра» танымдық сағатын ұйымдастырып өткізді. Шара барысында қатысушылар қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы – домбыра туралы мәліметтермен танысты. Домбыраның құрылысы, шығу тарихы, күйшілердің шығармашылығы және күй өнерінің ерекшеліктері жөнінде ақпарат берілді. Іс-шарада ұлттық өнерді дәріптейтін өлеңдер оқылып, күйлер тыңдалды.