«Діннің қоғамдағы рөлі» атты ойталқы өтті.

16 сәуір күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен жастарды діни сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Діннің қоғамдағы рөлі» атты ойталқы өтті. Шараға Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығы Шу ауданы бойынша арнайы бөлім инспекторы Бақтияр Нұрдаулет Ерболатұлы қатысып, жастарға дін саласындағы әртүрлі ақпараттармен таныстырып өтті. Сонымен қатар кітапханашы қоғам өмірінде діннің алар орны ерекше екендігін, дін әдептілік қағидалары мен қоғам бірлігін, тәрбиелік жүйелерді қалыптастыруда елеулі рөл атқаратыны жайлы мәлімет беріп өтті .