«Діни сауаттылық – заман талабы» тақырыбында танымдық кездесу ұйымдастырылды.

29 қазан күні Мойынқұм ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Қорағаты ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында «Діни сауаттылық – заман талабы» тақырыбында танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты: тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, оқырмандар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу және теріс діни ағымдардың алдын алу.Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» Шу ауданы бойынша арнайы инспекторы Н. Бақтияр діни сауаттылықтың маңыздылығы, дін мен дәстүрдің сабақтастығы, қоғамдағы татулық пен бірліктің мәні туралы мағлұмат беріп, діни ақпараттарды дұрыс қабылдау, әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттардан сақтану қажеттігі түсіндірілді.