«Діни сауат-қауіптің алдын алатын қалқан» атты тақырыпта кездесу өткізілді.
16 қаңтар күні Мойынқұм ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Діни сауат-қауіптің алдын алатын қалқан» атты тақырыпта кездесу өткізілді.
Аталмыш шараға Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» Шу ауданы бойынша арнайы бөлім инспекторы Бақтияр Нұрдаулет Ерболатұлы қатысып, оқушыларға дәстүрлі діннің құндылықтары, зайырлы қоғамдағы діннің орны, діни экстремизм мен терроризмнің зардаптары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Діни мәселелерде сауатты болудың маңыздылығы насихатталады.



