«Діни экстремизмге жол бермеу – баршамыздың міндетіміз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

18 қыркүйек күні Мойынқұм ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен діни сауаттылықты ашу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Діни экстремизмге жол бермеу – баршамыздың міндетіміз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға «Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының» Шу ауданы бойынша бөлім басшысы, теолог М.Смайлов арнайы келіп, жастарымыздың жат діни ағым жетегінде кетудің ең алғашқы, басты себебі діни білімсіздік екенін түсіндірді. Кітапханашы М. Аман жат діни ағымдар туралы баяндап, қоғамдағы өзекті мәселелерді кеңінен түсіндіріп, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Кездесуге қатысушылар теолог маманға өз сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Мақсаты: Оқырмандардың дін бойынша сауаттылықтарын ашу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: «Дін саласындағы өзекті тақырыптарға арналған 20 сұрақ пен жауап», «Дін саласындағы негізгі мәселелер бойынша материалдар жинағы»