«Діни экстремизм мен терроризм – әлемге төнген қауіп» атты блиц-сұхбат өткізілді.
12 мамыр күні №2 Шу қалалық кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризм – әлемге төнген қауіп» атты блиц-сұхбат өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға экстремизм мен терроризм ұғымдарының мәні түсіндіріліп, олардың қоғамға тигізер зардаптары туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы күрестің құқықтық негіздері және қазіргі таңдағы ахуал жайында мағлұматтар ұсынылды.




