“Діни экстремизм әлемге төнген қауіп” атты печа- куча өткізілді.
16 қаңтар күні Абай ауылдық кітапханасында “Діни экстремизм әлемге төнген қауіп” атты печа- куча өткізілді. Мақсаты: Шараның мақсаты: Жастар арасында діни экстремизм мен терроризм жайлы түсінік беру. Діни ағымдардың қоғамға әсерін көрсету. Әлемде болып жатқан террористік әрекеттер туралы ой түю. Жастардың діни ой-санасын дұрыс қалыптастыруға бағыттау. Шараға Жамбыл облысы әкімдігі “Дін проблемаларын зерттеу орталығы” КММ- нің Шу ауданы бойынша арнайы бөлім басшысы Смайлов Мырзабек қатысып, тақырыпқа сәйкес хабарламалар жасап, оны түсіндіріп берді. Оқырмандар бірнеше сұрақтар қойып, пікірлерімен алмасты.

