«Дін және ұлттық құндылық» тақырыбында сұхбаттасу өткізілді.

17 сәуір күні Бірлікүстем ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен «Дін және ұлттық құндылық» тақырыбында сұхбаттасу өткізілді. Кітапхана оқырмандарының қатысуымен өткізілген бұл іс-шарада кітапханашы С.Сатканова ұлттық рухы зор ұрпақ тәрбиелеуде дініміз бен ұлттық, рухани құндылықтарымыз тәрбиенің алып діңгегіне айналуға тиіс деп түсіндіріп өтті. Дін мен дәстүр ұлт болашағының және бірлігінің кепілі. Дін мен дәстүр қашанда бір – бірін қуаттап, қоғамда ынтымақ пен бірліктің, бабаларымыздан қалған асыл құндылықтардың жоғалып кетпеуіне үндеп, кейінгі ұрпақтың болашағы жарқын болуына, өткенді ұмытпай саралап ұлттық ар – ожданының жоғалмауына шақырады.

Мақсаты: діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету.