«Дін және жастар» тақырыбында кездесу кеші өткізілді.
15 ақпан күні Мойынқұм ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Мойынқұм орта мектебінің жоғары сынып оқушыларының қатысуымен діни сауаттылықты ашу мақсатында «Дін және жастар» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Кітапханашы жат діни ағымдар туралы баяндап, қоғамдағы өзекті мәселелерді кеңінен түсіндіріп, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті. Кеш барысында «Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының» Шу ауданы бойынша арнайы бөлім инспекторы Нұрдәулет Бақтияр жастарымыздың жат діни ағым жетегінде кетудің ең алғашқы, басты себебі діни білімсіздік екенін түсіндірді. Оқушылар теолог маманға өз сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

