«Дін – тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбында пікір алмасу сағаты өткізілді.
15 қазан күні Көкқайнар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ауыл имамы Оразбаев Темірланның қатысуымен «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбында пікір алмасу сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында бала тәрбиесі – ата-ана алдындағы ең маңызды әрі жауапты міндеттердің бірі екені айтылды. Адам бойындағы адамгершілік, мейірімділік, имандылық пен ізгілік сияқты асыл қасиеттердің негізі отбасында қалыптасатыны атап өтілді.



