«Дін – тәрбиенің рухани тірегі» ойталқы өтті.
21 сәуір күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен
«Дін – тәрбиенің рухани тірегі» ойталқы өтті.
Шара барысында қатысушылар діннің адам өміріндегі маңызы, оның тәрбиелік мәні, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы дін мен дәстүрдің сабақтастығы туралы өз ойларымен бөлісті.
Сондай ақ ойталқы барысында ислам дінінің ізгілікке, сабырлылыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейтіндігі кеңінен айтылды. Сонымен қатар, жастарды теріс діни ағымдардан сақтандыру, дұрыс діни түсінік қалыптастыру мәселелері де көтерілді.



