«Дін – тәрбиенің рухани тірегі» атты сұхбаттасу өтті.
31 шілде күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» атты сұхбаттасу өтті. Іс – шараға ауылдың имамы Дүйсекбаев Нұрдәулет Нуманұлы және тұрақты оқырмандар қатысты. Кеште имам елімізде тұрақтылық пен келісімді сақтауда, адамзаттық құндылықтарды нығайтудағы, рухани байлықты дамытудағы діннің маңызы, әрбір адам өз діни сенімдеріне сай өмір сүріп, адами қасиеттерін дамытуға ұмтылуы тиістігі туралы сөз қозғады. Мақсаты–оқырмандардың дін туралы түсініктерін кеңейту, рухани және имани тәрбие беру, асыл дінімізге құрметпен қарауға баулу, діни сауаттылығын арттыру.



