«Дін – тәрбиенің рухани тірегі» атты кездесу кеші өтті.

24 маусым күні орталық кітапхананың Білім орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» атты кездесу кеші өтті.

Шараға Төле би ауылы мешітінің бас имамы Сейткереев Талғат Кәрібайұлы қатысып, оқырмандарға діннің адамның Жаратушыға деген сенімі мен оған негізделген рухани-мәдени құндылықтар жүйесі екені туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, ислам дінінің адамгершілікке, имандылыққа, сыйластық пен ізгілікке тәрбиелеудегі маңызына тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.