“Дін тәрбиенің мәйегі” тақырыбында кездесу кеші өтті.

14 мамыр күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Дін тәрбиенің мәйегі” тақырыбында кездесу кеші өтті. Кешке Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының Шу ауданы бойынша арнайы бөлім инспекторы Бақтияр Нұрдәулет қатысып ислам діні-адам баласын тура жолға бастайтын дін екенін түсіндіріп, адамды мейірімділікке, бауырмалдылыққа, қайырымдылыққа шақырып, оқырмандардың қойған сұрақтарына жауап берді. Кітапханашы қорытынды сөз сөйлеп оқырмандарды имандылыққа, діни сауаттылыққа шақырды. Шара соңында “Дін тәрбиенің рухани діңгегі” атты кітап сөресі таныстырылды.