“Дін – тәрбие діңгегі” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
7 ақпан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері қалалық мәдениет үйінің қызметкерлерінің қатысуымен “Дін – тәрбие діңгегі” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде кітапханашы Қазақстан аумағында таралған діни ағымдар және теріс ықпалдағы діни ағымдар жайлы түсінік берді. Іс шараға қатысушылар барынша қоғамдағы мәселелерді кеңінен талқылап, туралықтан таймау, адал болу, елге, жерге, дінге, отанға деген махаббатпен әрдайым алға ұмтылу жайынды біраз насихаттар айтылды.
